​ТҮРКІСТАН: Тексерушілерге дастархан жайғандар жазасыз қалмайды

0
288

Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарына талдау жасап, Арыс, Сайрам, Түлкібас аудандарының кемшіліктерін атап өтті.


​ТҮРКІСТАН: Тексерушілерге дастархан жайғандар жазасыз қалмайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде облыстағы жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы жыл басынан бері Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарына талдау жасап, Арыс, Сайрам, Түлкібас аудандарының кемшіліктерін атап өтті.

Семинар-кеңес барысында Департамент тарапынан жүргізілген талдаудың нәтижесі ұсынылып, халықпен кері байланыс орнатуда консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ жеке қабылдауларды аудан/ауыл деңгейіне дейін жеткізудің қажеттілігі атап өтілді.
Жиында Департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы Агенттікпен әзірленген «Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы» Жадынама талаптарын облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік қызметшілердің қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Семинар соңында Ғ.Асанұлы әдеп жөніндегі уәкілдер «өзгеріс агенттері» ретінде мемлекеттік қызметшілердің арасында парасаттылық, адалдық, әдептілік және әділдік құндылықтарын насихаттауға бағытталған пәрменді шараларды қабылдауға шақырды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет