ТҮРКІСТАН: Темір жолдағы рейдтік шара ұйымдастырылды

0
1 347

«Адал жол» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті қызметкерлері жауапты мекемелердің мамандарымен бірге темір жолда тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтежиесінде көптеген техникалық құқықбұзушылықтар тіркеліп, билетсіз жүрген жолаушы анықталған.


ТҮРКІСТАН: Темір жолдағы рейдтік шара ұйымдастырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы аясында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп поездарда рейдтік шаралар жүргізді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғашқы рейдтік шара 12 наурызда №22ж/п Қызылорда-Семей бағытындағы поезында жүргізілді. Шара барысында 244 техникалық бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ, бірқатар вагондарда люм жарықтарының істен шығуы, салқындатылған су резервуарларының қолданыстан шығуы, терезелерде күннен қорғайтын перделердің болмауы.

Ал, 13 наурыз күні №75ж/п Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезында жүргізілген рейдтік шара барысында бір азаматтың поезға билетсіз орналасқан фактісі анықталды. Нәтижесінде жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған поезд механигі Р.Б.Раманкуловқа ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 4 - бөлігімен, ал жолсерік У.Г.Курымбековке осы Кодекстің 620 бабының 4 - бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, «Адал жол» Жобасы аясында Департаментпен жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.