ТҮРКІСТАН: Теріскей жастары игі іс жасады

0
882

Созақ ауданындағы ауруханада жатқан науқастардың 76,2 пайызы толық емделіп шыққан.


ТҮРКІСТАН: Теріскей жастары игі іс жасады

Түркістан облысы Созақ ауданының жастары ауруханаға қажетті заттар жеткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Созақ ауданының жастары аудандық ауруханада жатқан емделушілерге қолдау көрсетті. Атап айтсақ, аудандық Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Value» волонтерлар ұйымы мен "Жас отан" жастар қанаты мүшелері ауруханадағы науқастарға қажетті 200 жаңа жамылғы, 250 бетперде және науқастардың иммунитетін көтеретін қымыран (шұбат) үлестірді.

Созақтық жастар алдағы уақытта мұндай игі істерді тұрақты жүргізуге бекініп отыр. Себебі, жаны жақсылыққа жақын жастар басты байлық адам өмірі мен оның денсаулығы екенін жақсы біледі.

Атап өтсек, бүгінде Созақ ауданындағы ауруханада жатқан науқастардың 76,2 пайызы толық емделіп шыққан. Бұл туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Талғат Қалдыбеков мәлімдеді.

«Value» волонтерлар ұйымы жыл басынан бері халықпен жұмыла жұмыс жасап келе жатыр. Волонтерлардың басты мақсаты туған жерге аянбай қызмет ету.

Айта кетейік, бүгінде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету мақсатында облыс волонтерлары аянбай жұмыс істеп жатыр.