ТҮРКІСТАН: Токиодағы олипиадаға 21 спортшы дайындалып жатыр

0
514

Олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Токиодағы олипиадаға 21 спортшы дайындалып жатыр

Түркістан қаласында 13 спорттық нысан бөй көтеруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының спортшылары ел чемпионаттарына қатысып, 63–алтын, 57–күміс, 66–қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 айында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 47 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған. Одан бөлек, 2021 жылы Жапония елінің астанасы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға облыстан 21 үміткер спортшы анықталып, қазіргі уақытта олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1062 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 139121 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 714 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 97987 адам қамтылған. Сондай-ақ, аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 629130 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 31,1% құрап отыр», – деді А.Бердашев Баспасөз брифингінде.

Жалпы облыста спорттың 56 түрі даму үстінде. Оның 28-і олимпиадалық болса, 28-і олимпиадалық емес спорт түрлеріне жатады.