ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданына 46 мыңнан астам турист келген

0
453

139 туристік нысан жұмыс істеп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданына 46 мыңнан астам турист келген

Төлеби ауданына былтыр 46 мыңнан астам турист келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Төлеби ауданында Қасқасу ауылдық округінде тәулігіне 50 адамды қабылдай алатын «Top resort» демалыс орны іске қосылған. Сондай-ақ, Қоғалы ауылдық округінде жеке кәсіпкер Н.Әбілдабеков саумалмен емдеу орталығын ашты. Жалпы, осы салаларға 237 млн теңге инвестиция тартылған.


Жалпы, Төлеби ауданында 139 туристік нысан жұмыс істеп жатыр. 2021 жылы сол туристік нысандарға 46 мыңнан астам турист келген.