ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында 2 мектеп пайдалануға беріледі

0
2 647

Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында 2 мектеп пайдалануға беріледі

Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде. Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда. Негізінен ғимараттардың құрылысы былтыр бастау алған. Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.