​ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды

0
882

Диқандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлауда.


​ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды

Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды. Аймақта жалпы 15 мың гектар жерге күздік және жаздық бидай егілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірде егін оруға қажетті 57 комбайн, 500-ден астам агротехника бар. Диқандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлауда.

Астық оруды аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі «Қазығұрт» өндірістік кооперативі бастап кетті. Аталған қожалықтағы 1 400 гектар егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника тартылып, онда 20 шақты жұмысшы еңбек етуде.