ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

0
1 505

Жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 1400-ден аса жастар мен жасөспірімдер жаттыға алады.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында  заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы, Леңгір қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.

«Облыс аумағында мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жаңа спорт кешендері көптеп салынуда. Осы арқылы спорттық инфрақұрылымдар дамып келеді. Спортшыларға қарап өскелең ұрпақ үлгі алып, болашақта ел чемпиондарына ұқсағылары келеді. Әсіресе, ер бала үшін бұл өте маңызды. Жастардың бос уақыты болмау керек. Осы жолда оларға мүмкіндік жасау керек», – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Атап айтсақ, жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 1400-ден аса жастар мен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен кәсіби тұрғыда жаттыға алады.

Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданындағы 364 спорт нысанында 35 мыңнан астам адам шынығады.