ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

0
605

Жолдардың сапасын «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» бақылауға алған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

Төлеби ауданында асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Джумабаев, бөлім мамандарымен Кемеқалған ауылдық округіне келіп, округ әкімі Д.Дарибаев және мердігер мекеме өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында жүріп жатқан жөндеудің барысымен танысты.


Атап өтсек, аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар жолдар - 259,84 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар - 144,05 шақырым және елді мекеннің ішкі көшелері – 680,1 шақырымды құрайды. Бұл саладағы жұмыстар елді мекендердің орналасуы, халық саны, көліктердің жүру қарқындылығына қарай 2020-2022 жылдарға арналған жол жөндеу жұмыстарына аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес орындалып жатыр.


Мәселен, 2021 жылы облыстық, аудандық бюджеттерден және «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, қазіргі таңда жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын елді мекен ішілік 50 жол орта жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, 6 жолдың мердігерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Атап айтар болсақ, 29 нысанда асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып, 3 нысанда асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тас төсеу, труба қою жұмыстары 13 нысанда жүргізіліп жатса, 5 нысандағы жұмыстар қазан айында басталады.


2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен елді мекендердің ішіндегі қанағаттанарлық деңгейдегі көшелердің үлесі 63,2 пайыздан 73 пайызға жететін болады. Ал, аудан аумағындағы жолдардың сапасын «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» Түркістан облысы бойынша филиалы бақылайды.