ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданындағы тұрғынүй қабырғасына Жамбылдың муралы салынды

0
572

Қабырғаға аңыз ақынның бір шумақ өлеңі де жазылған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданындағы тұрғынүй қабырғасына Жамбылдың муралы салынды

Ленгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына Жамбыл Жабаевтың муралы салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жыр алыбы – Жамбылдың шығармашылығын дәріптеп, ұлықтау мақсатында Ленгір қаласындағы көпқабатты үйдің қабырғасына ақынның муралы салынды.


Сонымен қатар, қабырғаға аңыз ақынның:

Жер байлығы болмаса,

Жерден алтын шығар ма?

Ел қамын ойлар болмаса,

Ерден ақыл шығар ма..., - деген тәрбиелік мазмұнға бай даналық сөзі де жазылған.