ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының прокуроры аудан тұрғындарымен кездесті

0
1 861

Ауданының прокуроры жиын өткізді.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының прокуроры аудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін Төлеби ауданы прокуратурасының бастамасымен елді мекендердің ахуалымен, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан прокуроры аумаққа тән меселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырып, қолданыстағы заңнамалырының талаптарын түсіндірді, сондай-ақ құқықтық бұзушылықтың алдын алу және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты деректерді болдырмау мақсатында Жоғарғы Ақсу, Көксәйек, Зертас ауылдық округтерінде кездесу ұйымдастырды.

Жиынға Төлеби ауданының прокуроры Д.Тлемисов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, полиция инспекторлары мен тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында аудан прокуроры ауданымыздағы қылмыстылық жағдайды, оның ішінде пәтер және мал ұрлықтары, алаяқтық, бұзақылық туралы атап өтіп, құқықтық бұзушылықтың алдын алу және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты деректерді болдырмау мақсатында заңнама талаптарын кеңінен түсіндіріп, ұлтаралық татулықты сақтауға және «Бірлік болмай тірлік болмас» деген ұлы ұғымды айта отырып, бірлескен іс-шаралар арқылы ғана қылмыспен күресуде оң жетістіктерге жетуге болатынын ескеріп, қылмыспен ел болып, бірігіп күресуге шақырды.

Учаскелік полиция инспекторлары округ аумағындағы орын алған қылмыстылық және құқықбұзушылық жағдай бойынша есеп беріп, ауыл тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында округ тұрғындары аудан прокуроры Д.Тлемисовке өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында түсіндірме алды.