ТҮРКІСТАН: Төлебиде 80 шақырымға жуық жол жөнделді

0
954

Ауданда жалпы 1084 шақырым жол бар.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 80 шақырымға жуық жол жөнделді

Төлеби ауданында 27 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1084 шақырымды құрайды. Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдар - 259,84 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар - 144,05 шақырым, елді мекеннің ішкі көшелері - 680,1 шақырым. Былтыр ауданда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 10 елді мекендегі 46,25 шақырымды құрайтын 27 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Сондай-ақ, 13,4 шақырымға аяқжол салынып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен ұзындығы 32,55 шақырым болатын 22 көше орташа жөндеуден өткен. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы ішкі көшелер 72%-ға жетті.