ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Ардагерлер және тең қоғам» орталығы салынып жатыр

0
359

Орталықтың сыйымдылығы 50 адам.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Ардагерлер және тең қоғам» орталығы салынып жатыр

Төлеби ауданында «Ардагерлер және тең қоғам» орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жергілікті бюджет есебінен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау мақсатында «Ардагерлер және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының құрылысы қарқынды жүруде.


Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, психолохиялық қолдау бағытында кеңес беріледі. Массаж, його орталығы, емдік спорттық дене шынықтыру, көңіл сергіту шаралары қарастырылған. Бұған қоса, зейнеткерлердің тынығып, демалып, рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып, тыныс жолдарын ашу үшін тұз шахтасының кабинеті де жасақталуда. Орталықта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер мен ұсыныстар берілетін болады. Сондай-ақ ардагерлердің шахмат ойнап, өзара пікір алмасуына арнайы бөлмелер бөлінеді. Зағип жандар, жалпы мүгедектігі бар қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығының мақсаты –мүгедектігі бар тұрғындардың белсенділігін арттыру. Орталықтың сыйымдылығы 50 адам.


Аудан әкімі Төлеген Телғараев нысан құрылысымен танысып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттің, қоғамның әр саласының тарапынан көрсетілетін қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндік беретінін ескертіп, жұмысты жандандыруға қажетті мүмкіндіктер жасалатынын айтты.