ТҮРКІСТАН: Төлебиде балаларға арналған гидромассаж бөлмесі ашылды

0
973

Мемлекеттік грант аясында іске асырылды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде балаларға арналған гидромассаж бөлмесі ашылды

Төлеби ауданында мемлекеттік грант аясында балаларға арналған гидромассаж бөлмесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған.


«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар бөлінуде. Жыл басынан бері төлебилік 45 тұрғын қайтарымсыз грант алып, кәсібінің нәсібін көріп келеді.


Бірінші және екінші лек бойынша грант алуға өтінімдер осы жылғы наурыз және мамыр айларында бекітілген кестеге сәйкес қабылданды.


Мемлекеттік грантқа өтінім қалдырғандардың қатарында Төлебилік тұрғын Жанар Мадіхан аталған жоба арқылы өз кәсібін дамытып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттен алған қаржыға ол «EraMed» орталығынан гидромассаж балалар сауықтыру бөлмесін ашқан. Сауықтыру бөлмесінде балаларға дерлік барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, гидромассаж, массаж, хиджама, сүлік, шертпе, тұзды бөлме, пар бөлме ашылған. Бүгінде тұрғындар тарапынан аталмыш емдеу бөлмесіне айтарлықтай сұраныс артқан.


Гидромассаж балалар арасындағы стресті жеңілдетуге, демалуды жеңілдетуге, қан айналымын жақсартуға, тері түсін және бұлшықет тонусын жақсартуға көмектеседі. Оған қоса гидромассажбен жабдықталған ванна клеткалардың оттегімен қанығуына мол әсерін береді. Сауықтыру бөлмесіне келген балалар массаж қабылдап, тұзды бөлмеде отырып, тынысын ашу мен қатар өкпе жүйесін жақсарта алады.


«Гидромассаж бөлмесінің бала денсаулығына пайдасы орасан. Себебі, белгілі бір температурадағы су бірқалыпты қысыммен бала денесіне шашырап, оның тұла бойын түгелдей сергітіп, жеңілдетеді», - дейді кәсіпкер Жанар Мадіхан.