ТҮРКІСТАН: Төлебиде екі бірдей спорт кешені салынып жатыр

0
767

Күрес және бокс секцияларына арналған залмен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде екі бірдей спорт кешені салынып жатыр

Төлеби ауданы Зертас ауылында екі бірдей спорт кешені салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Зертас ауылдық округі Жаңакүш елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы ауыл халқының бүгінгі жай-күйімен танысып, олардың арыз-өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар интернеттің жоқтығынан байланысқа шыға алмай отырғанын, жол, орталықтандырылған ауыз су құбыры жүргізілмегенін жеткізді.


Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы сөзінде Жаңакүш елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгенін, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғанын, құрылысын жүргізу үшін қаржыландыруға ұсынылғанын айтты. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда елді мекен биылғы жылы ауыз суға қосылады. Ал, интернет желісі бойынша тиісті сала басшыларымен келісім-шарт жүргізгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.


Сондай-ақ, Зертас елді мекені Р.Нұрмаханбетов көшесінде ауыл халқының жинаған қаржысына тұрғызылған аумағы 360 шаршы метрді құрайтын спорт зал құрылысымен танысты. Спорт залдың құрылысына жеке кәсіпкер М.Төлтебаев демеушілік көмек көрсетті. Ауыл тұрғындары осы істі аяғына дейін жеткізуде аудан басшысынан көмек сұрады.


Ал, Спатай Аңдас көшесінде жеке кәсіпкер Б.Аманбаев өз қаражатына заман талабына сай спорт кешенін тұрғызды. Жалпы, құны 55 млн теңгені құрайтын кешеннің бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған спорт кешені күрес және бокс секцияларына арналған залмен қамтылмақ.