ТҮРКІСТАН: Төлебиде тағы бір мешіт ашылды

0
609

Сәулетті ғимаратқа "Рамазан" атауы берілді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде тағы бір мешіт ашылды

Төлеби ауданында тағы бір жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінің тумасы, біршама уақыт бұрын өмірден өткен Шанкозов Сейтқали Бердібайұлы бастаған құрылысты бауырлары аяқтап, туған ауылдарына мешіт салып берді. Сәулетті ғимаратқа "Рамазан" атауы берілді.

Ашылу салтанатына алыс-жақыннан жамағат жиналып, облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов, аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан, ауданның бас имамы Саурбаев Усен, ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбеков Бұхарбай арнайы келіп құттықтап, азаматтық іске алғысын айтты. Ауыл қариялары да ізгі тілектерін жеткізді.