ТҮРКІСТАН: Төлебиде тау-шаңғы курортын дамыту халықаралық деңгейде талқыланды

0
1 014


ТҮРКІСТАН: Төлебиде тау-шаңғы курортын дамыту халықаралық деңгейде талқыланды

Төле би ауданы, Қасқасу елді мекені, ««Еco Village Кaskasu» демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, Dianeige France, STEM International France, MND Group France сияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, РФ және ҚР халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары және қазақстандық компаниялар «Гео дата плюс» ЖШС және «ASP Project company» ЖШС қатысты.

Жиында «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эдди жобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба әлеуетін ескере отырып жүзеге асқанда құрлықтық және халықаралық шаңғы іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Жоба бұған дейін халықаралық деңгейде қызу талқыланған болатын.

Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты – жобаны халықаралық сарапшылармен алдын ала талқылау және ұсыныс пікірлерін алу.