ТҮРКІСТАН: Төлебиде заманауи қоқыс жәшіктері орнатылды

0
929

Орталықты абаттандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде заманауи қоқыс жәшіктері орнатылды

Төлеби ауданында 112 қоқыс жәшәгі орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының орталығын абаттандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Заманауи инфрақұрылым, жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер, балабақшалар мен мектептер, қызмет көрсету және демалыс орындары – бәрі-бәрі шаһардың көркін ашатын, мәртебесін арттыратын нысандар екені рас. Халық көп шоғырланатын қалада көше, аула, ауа тазалығын сақтау және бір тәулікте тау болып жиналатын қоқыс мәселесі тұрғындарды алаңдатып келеді.


Бүгінде қалада көпқабатты үйлер саны артып, тұрғындардың саны өсуде. Тиісінше, тұрмыстық қалдықтар да көп. Осы мәселені ескерген аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының бастамасымен қала аумағында заманауи қоқыс жәшіктері орнатылуда. Ауданның «жасыл экономикаға» көшуін ескере отырып, аудан орталығында қалдықтарды бөлек жинау бойынша іс-шаралар қолға алынған. Бірінші мөлтек ауданына орналастырылған қоқыс жәшігі үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігіне қағаз қалдықтары және пластик, екіншісіне тағам қалдықтары салынса, үшінші бөлігіне шыныдан жасалған заттар жиналады.


Тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинап, оны сұрыптау әлемдік тәжірибеде жиі кезедеседі. Тіпті, үлкен қалаларда қоқысты қайта өңдеу зауыттары іске қосылуда. Айта кетерлігі, 2021-2022 жылдар аралығында осындай заманауи 112 қоқыс жәшігі қаланың 28 аумағына орнатылады деп жоспарлануда.