ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа мешіт қолданысқа берілді

0
986

Қос кәсіпкердің демеушілігімен салынған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа мешіт қолданысқа берілді

Төлеби ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі Шұбарағаш елді мекенінде жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. "Қожамжар би" мешітінің ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп құттықтап, азаматтық іске алғыстарын айтты. Игі шараға жиналған қауым имандылыққа ұйытқы болатын, ел ішіндегі бірлік пен татулықтың ордасы мешіт ісіне береке тіледі.


«Бүгін аудынымыздың азаматтары кәсіпкерлеріміз Жартыбаев Бақтияр және Данияр Есенбекұлдарының демеушілігімен салынған рухани ғимараттың ашылу салтанаты құтты болсын! Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт – кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани қайнар орталық», - деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.