ТҮРКІСТАН: Төлебиде жеңіс күніне арналған меркелік іс-шара өтті

0
553

«Мәңгілік алау» алдында тағзым етті.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жеңіс күніне арналған меркелік іс-шара өтті

Төлеби ауданының әкімдігі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Ленгір қаласында Төлеби ауданының әкімдігі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев пен мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, әскери қызметкерлер, ардагерлер мен аудан жұртшылығы қатысып, «Мәңгілік алау» алдында тағзым етті.


Меркелік жиын «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Аудан әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылардың ерен еңбегін атап өтті.


«Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – батылдық пен батырлықтың, ерлік пен қайсарлықтың символы. Дана халқымыз «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Ер азамат үшін Отанды қорғау – абыройлы міндет. Қолдарына қару алып, бостандық пен егемендікті, өз туған өлкесін сыртқы жаудан қорғаған айбарлы батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан тұтамыз», – деді аудан басшысы.


Мерекелік шара аясында патриоттық әндер шырқалып, Отан үшін күрес жолында қаза тапқан жауынгерлер рухына құран бағышталды.