ТҮРКІСТАН: Төлебиде жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

0
487

Сұрапыл соғыста жеңіс жолында жанқиярлық ерлік үлгісін көрсеткен Жеңіс жауынгерлінің рухына құран бағышталды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Төлеби ауданының орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласындағы «Жеңіс» саябағында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті. Аталған шара барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров «Ер есімі – ел есінде» монументіне гүл шоқтарын қойды. Сұрапыл соғыста жеңіс жолында жанқиярлық ерлік үлгісін көрсеткен Жеңіс жауынгерлінің рухына құран бағышталды.


Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сөз сөйлеген аудан әкімі тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иетіндігін атап өтіп, барша жұртты мерекемен құттықтады.


Ұлы Жеңіс күніне орай, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыль апаты мен Семей полигонының куәгерлеріне құрмет көрсетілді.


Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 242 тыл еңбеккері, 53 Ауған соғысының ардагері бар. Мерекеге орай, оларға бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі.