ТҮРКІСТАН: Төлебиден Маңғыстауға 1 вагон жем-шөп жіберілді

0
959

Бірқатар аудан қажетті жем-шөп мөлшерін 100% жинап үлгерді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиден Маңғыстауға 1 вагон жем-шөп жіберілді

Төлеби ауданының тұрғындары Маңғыстау облысына мал азығын жеткізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының тұрғындары мен еріктілері Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға мал азығын жеткізуді жалғастыруда. Осы райда «Батысқа көмек» шарасы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінің азаматтары 1 вагон жем-шөпті батыс өңіріне жіберді.


Естеріңізге сала кетейік, биыл құрғақшылық тек батыс өңірлерінде ғана емес, Түркістан облысында да орын алды. Төлеби ауданының шаруалары да осы мәселеге тап болды. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Бірқатар аудан қажетті жем-шөп мөлшерін 100% жинап үлгерді.


Айта кетейік, аудан жұртшылығы құрғақшылықтан мал қырылып, шарасыз жағдайға түскен Маңғыстау облысына жем-шөп жіберу шарасына өз еріктерімен үлестерін қосуда. Еріктілердің бастамасына облыс жұртшылығы қолдау көрсетуде.