ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер жылына 2 мыңға жуық жиһаз дайындайды

0
582

15 адамды жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер жылына 2 мыңға жуық жиһаз дайындайды

Төлеби ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Зертас ауылында жеке кәсіпкер Қожахмет Омартаев ағаш өңдеу ісін қолға алған. Іске қосылғанына 3 жылға жуықтаған цехта заман талабына сай ағаш есіктері, баспалдақтар мен қабырғалық панельдер дайындалуда.


Қазір онда жылына 2 мыңға жуық жиһаз тұтынушыларға ұсынылады. Цехты өз қаражатына іске қосқан кәсіпкер қазір 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтуға ниетті.