ТҮРКІСТАН: Төлебилік Пернекүл Бектемірова 100 жасқа толды

0
469

Төлеби ауданының аумағында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10 қария бар.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік Пернекүл Бектемірова 100 жасқа толды

Төлебиліктер ғасыр жасаған әжейді құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің тұрғыны Пернекүл Бектемірова 15 қаңтар күні 100 жасқа толып, ғасыр құрдасы атанды. Тыл ардагерін, жүзге толған кейуананы ауылдық округ әкімі Жексенбек Сарсаулетов құттықтап, сыйлықтар табыстады.


Жастық шағын тыл даласын тыңайтуға үлес қосқан Пернекүл әже егін егіп, шөп, сабан жинап, сиыр сауғанын әңгімеледі. Өмірдің ащысын, тұщысын да көрген әже соғыс жылдарында ауылда қара жұмысқа жегіліп, ауыр азапты ерлермен тең бөліскенін айтты.


Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, ұрпақтарын өрбітіп, бүгінде 8 немере 1 шөбере сүйіп отырған әженің ұлы Есентай Тойбеков 76-ға толса, қызы Оразкүл Тастемірова 74-ке шыққан.


Жалпы Төлеби ауданының аумағында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10 қария бар.