ТҮРКІСТАН: Төлебилік шаруа 1000 тоннадан астам астық өндірген

0
463

Шаруа қожалық 30 азаматты жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік шаруа 1000 тоннадан астам астық өндірген

Төлеби ауданындағы «Жеңіс» өндірістік кооперативі отандық өнім көлемін ұлғайтып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Жеңіс» өндірістік кооперативі дәнді-дақыл егіп, отандық өнім көлемін ұлғайтып келеді. Құрылғанына 25 жылға жуықтаған шаруа қожалық 30 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс орнының меншігінде 3 дана К-700 және 6 дана МТЗ тракторлары, 2 дана астық комбайны бар. Ұжымға 1262 гектар егістік жер тиесілі.


Кооператив төрағасы Үкібаев Сейдулланың айтуынша, былтыр 676 га бидай алқабының әр гектарынан 14 центнер өнім алған. Сондай-ақ, 50 га арпаның орташа түсімі 12 центнер, 54 га мақсарының орташа түсімі 9 центнер болған. Өндірістік кооператив ұжымы биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай, лизингке қосымша техника алуды жоспарлауда.