ТҮРКІСТАН: Төлебилік шаруалардың қымызына сұраныс жоғары

0
666

Соның бірі - «Қуаныш» шаруа қожалығы.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік шаруалардың қымызына сұраныс жоғары

Төлеби ауданында қымыз өндіру ісі қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округі таулы аймақта орналасқандықтан халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Соның бірі - «Қуаныш» шаруа қожалығы. Иесі Бекбасаров Зұлпыхар 20 шақты жылқы малын бағып, 10 бас сауынды биені сауып, кәсіпкерлігін бастаған. Қожалықтың қымызына деген сұраныс жоғары.


«Біз отбасымызбен мал баққан жандармыз. Бала кезімнен осы шаруашылыққа икемім бар. Мал бағудың қыр-сырын меңгеріп, қазір шаруашылықты жүргізіп отырмын. Жылдың төрт мезгілінде сары қымыз сапырып, саумал дайындап, жүйрік баптаймыз. Биені сүтіне, қымызына қала, ауыл тұрғындарынан сұраныс көп. Дайын өнімді тапсырыспен жеткізіп береміз. Бүгінде күніне 20-25 литр қымыз өткіземіз», - дейді қожалық иесі З.Бекбасаров.


Сондай-ақ, қожалық иелігіндегі 12 га жердің 8 гектарына бидай егілсе, 4 гектарға жоңышқа өсіріп отыр.