ТҮРКІСТАН: Төлебилік шебер ат әбзелдерін жасаумен айналысып жатыр

0
598

Теріден қайыс тіліп, қамшы, жүген, ноқта өреді.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік шебер ат әбзелдерін жасаумен айналысып жатыр

Төлебилік шебер ат әбзелдерін жасап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін беруде. Төлеби ауданында да "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікті қолға алуды мақсат тұтқандар саны артып келеді.


Сондай кәсіпкерлердің бірі – Ленгір қаласының тұрғыны Асанов Мұрат елге қажетті кәсіппен айналысып, жұртшылықтың алғысына бөленіп отыр. Ол ат әбзелдерін жасап, теріден қайыс тіліп, қамшы, жүген, ноқта өруді кәсіп еткен.


«Ат әбзелдерін жасау, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ер тоқымға қажетті қаптал, тебінгі, үзеңгі, белтартпа, жүген жасаймын. Барлығын талапқа сай етіп дайындаймын. Сондықтан болар, тапсырыс берушілер көп. Сондай-ақ, дайын өнімді базарға сатылымға шығарамын», - дейді кәсіпкер.


Айта кетейік, ол қайтарымсыз несие қаржысына тігін машинасын, жұмысқа қажетті заттар алған. Алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.