ТҮРКІСТАН: Төлебилік спортшы Әлем кубогында жүлдегер атанды

0
739

Венгрияда кикбоксингтен əлем кубогы өтті.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік спортшы Әлем кубогында жүлдегер атанды

Төлеби ауданының спортшысы әлем кубогының жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданындағы Момынай жалпы орта мектебінің оқушысы Сатыбалды Назым Саятқызы кикбоксингтен Венгрия елі, Будапешт қаласында өткен жастар арасындағы əлем кубогінің қола жүлдегері атанды. Жаттықтырушысы Дүйсебаев Алмаз Болатұлы Момынай жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пəні мұғалімі.


Сондай-ақ, аудан спортшылары Самбо күресінен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан да қанжығаларын майлады. Атап айтсақ, Төлеби аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Жұмағұл Өсерхан 49 келі және Ахметова Салтанат 59 келі салмақ дәрежелерінде 3-орынға ие болды.