Стадионға аудан тұрғындары, жанкүйерлер жиналып, ауданынның абыройын асқақтатқан спортшыға құрмет көрсетті.
Төлеби ауданының орталығында жуырда ғана Португалия астанасы Лиссабон қаласында дзюдо күресінен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Мәди Нәбиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Стадионға аудан тұрғындары, жанкүйерлер жиналып, ауданынның абыройын асқақтатқан спортшыға құрмет көрсетті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, балуанды жеңісімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара соңында Мәди Нәбиевке аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының атынан ат мінгізіліп, шапан жабылды. Балуан өз кезегінде, өзіне жанкүйер болып, қолдау білдірген аудан халқына алғысын білдірді.