ТҮРКІСТАН: Төрт бірдей түлкібастық спортшы ел чемпионы атанды

0
537

Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.


ТҮРКІСТАН: Төрт бірдей түлкібастық спортшы ел чемпионы атанды

Түлкібастың төрт бірдей спортшысы белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда 2005-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Атырау қаласында өткен белбеу күресінен Қазақстан біріншілігіне облыс атынан алты бірдей түлкібастық спортшы бақ сынап, нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медалға қол жеткізді. Аталған жарыстан бірінші және екінші орын алған бес спортшы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.


Осы орайда Түлкібас ауданының абыройын асқақтатқан спортшыларды аудан әкімдігінің қызметкерлері ата-аналарымен бірге теміржол бекетінен күтіп алып, сый-құрмет көрсетті.


Айта кетсек, жас спортшылардың жетістікке жету жолында еңбек еткен бапкерлері Исмаилов Бақыт пен Дәрібаев Дархан.