ТҮРКІСТАН: Төрткүлдегі мәселелер түбегейлі шешіледі

0
815

Жолдар жөнделіп, ескірген жарық жүйелері жаңартылады.


ТҮРКІСТАН: Төрткүлдегі мәселелер түбегейлі шешіледі

Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округіне табиғи газ бен орталықтандырылған ауыз су тартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінде табиғи газ, орталықтандырылған ауыз су мәселесі түбегейлі шешілмек. Жолдар жөнделіп, ескірген жарық жүйелері жаңартылады.


Сондай-ақ, ауыл орталығында бой көтерген ірі спорттық кешеннің құрылысы аяқталуға жақын.


Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Бадам ауылдық округінде салынып жатқан 200 орындық мектептің құрылыс алаңында болды. Келер жылы Ордабасы ауданында тағы 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.