ТҮРКІСТАН: Төтеншеліктер ауруханаларда өрттің алдын алу шараларын түсіндірді

0
1 175

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде 529 медицина қызметкерлеріне түсіндірілді.


ТҮРКІСТАН: Төтеншеліктер ауруханаларда өрттің алдын алу шараларын түсіндірді

Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ауруханаларда өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт-техникалық тексеру барысында «Қалалық емханамен, қалалық аурухана» 529 қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Тексеріс барысында арнайы жұмыс жасайтын орындарға кірер алдында қызметкерлерді өрт қауіпсіздігімен таныстыру қажеттігін және эвакуциялық жолдарға кедергі заттарын қоймауы керек екендігі түсіндірілді және жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіріп, жылыту жүйелерін дайындыққа келтіру қажеттілігі туралы айтып, өрт оқиғасы орын алған жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану ережелері мен түсіндірілді.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, сондай-ақ электр жабдығын, тұрмыстық құралдарды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп Газбен улану фактілерін алдын алу мақсатында «Иісті газдан улануды алдын алу» «Адам көп шоғырланатын орындағы қауіпсіщдік», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік» тақырыптары бойынша арнайы тағайындалған үгіт материалдары таратылды.

Қызметкерлерге жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қойылатын талаптар мен ережелердің сақталуының маңыздылығын түсіндіре отырып, әрдайым мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.