ТҮРКІСТАН: Цифрландыру ісі коммуналдық қызметті қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді

0
1 595

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында «SmartCity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында 10 көп қабатты үй таңдалып отыр.


ТҮРКІСТАН: Цифрландыру ісі коммуналдық қызметті қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында көптеген жұмыстар атқарылып келеді – деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев айтып өтті.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында «SmartCity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында 10 көп қабатты үй таңдап алынған. Олар Е-SHANYRAQ жүйесіне толықтай интеграциялау жмыстаиы жасалды. Бұл, импульсті қашықтықтан басқарылатын есептегіштер арқылы суды, жылуды және электр энергиясының көдерін берілуін бақылайды.
Облыстағы мектептерді кең жолақты интернет және WI-FI нүктелерімен қамту жұмысы жоспарға сай іске асуда. Қазіргі кезде облыстағы 902 мектептің 775 интернетке қосылған. 648 мектепте кең жолақты интернет ағыны 4 мбит/ сек жоғары көрсеткішке ие.
Қалған шалғай ауылдарда орналасқан 127 мектепті кең жолақты интернетпен қамту және 167 мектепті WI-FI нүктелерімен 100 пайыз қамту осы жылдың жұмыс жоспарына енгізілген.