ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 16,7 шақырым жол жөнделді

0
1 306

Жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын шайып кетудің алдын алу мақсатында 9 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 16,7 шақырым жол жөнделді

Түлкібас ауданындағы жалпы ұзындығы 16,7 шақырымды құрайтын 2 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін арттыру мақсатында жол жөндеу жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізуде. Осы орайда, басқарманың тапсырысымен Түлкібас ауданындағы жалпы ұзындығы 16,7 шақырымды құрайтын 2 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Атап айтсақ, облыстық маңызы бар КХ-65 «Тастұмсық-Майтөбе-Түлкібас» автомобиль жолының 0-9,6 шақырымы және КХ-69 «Тастұмсық-Жыланды-Азаттық-Шұқырбұлақ» автомобиль жолының 18-25,1 шақырым аралығы жөндеуден өткізіліп, нысандар пайдалануға берілді.


Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, нысандардағы ескі асфальт жабыны толығымен жаңартылып, елді мекен ішіне аяқжол салынды. Сондай-ақ қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету үшін жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды. Жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын шайып кетудің алдын алу мақсатында 9 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылды.


Жүргізілген жұмыстардың сапасы, тапсырыс беруші техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан бақылауда болды.