ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 9 мыңға жуық гүл көшеттері егілді

0
2 471

Мамыр айына дейін аудан аумағындағы барлық елді мекен көшелеріне 90 мыңға жуық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 9 мыңға жуық гүл көшеттері егілді

Әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусымда Түлкібас ауданына қарасты барлық елді-мекендерінде жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары қарқынды іске асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көктем мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Көшедегі шаңды басатып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені Раушан гүл, Түймедақ, Лалагүл, Райхан гүл, Питуния, Сәндігүл т.б.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға, көше бойларына жалпы алғанда 8 700 түп гүл егіліп, күн шуағына әр түрлі түсті кілем секілді жайқалып тұр. Мамыр айына дейін аудан аумағындағы барлық елді мекен көшелеріне 90 мыңға жуық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.