ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында кәсіпкерлер саны артып келеді

0
967

Түлкібастықтар кәсіпкерлікке негізделген бағдарламаларды тиімді пайдалануда.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында кәсіпкерлер саны артып келеді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында сауда және шағын орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 425-ке артып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкерлік ел дамуына салмақты үлес қосатын күшке айналғанда ел экономикасының өркендейтіні анық. Яғни, бұл саладан түскен табыс та қомақты, жұмыспен қамтылушылар саны да біршама жоғары. Бүгінде елімізде кәсіпкерліктің тынысын кеңейту бағытында түрлі бағдарлама қабылданып, тиімді жобалар жүзеге асырылып жатыр. Яғни, бұл бағдарламалардың шарапатын Түлкібас ауданының тұрғындары көруде.

Биылғы жылы Түлкібас ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буып, өз ісін ашып жатқандар саны артқан. Мәселен, 2018 жылдың 7 айлық қорытындысымен ауданда жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субьектілрінің саны 6531 болса, 2019 жылдың тиісті кезеңінде 6956 құрап, сауда және шағын орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 425-ке артып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірілген өнім көлемі 23,7 млн.тг, бөлшек сауданың нақты көлем индексі 3293,5 млн.тг, көтерме сауданың көлемі 446,9 млн.тг құрады. Бұл дегеніміз ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстардың дұрыс жолға қойылғандығының бірден-бір дәлелі.