ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

0
2 144

Спорт кешені ыңғайлы болуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінінде 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды деп хабарлайды ERNUR.KZ.


454 млн. теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Түлкібас ауданының әкімдігі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімінің аясында соғылған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және т.б. спорт түрлерімен айналысуға болады. Сондай-ақ, кешен келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен жабдықталған.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды екен.