ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жол құрылысы қарқынды жүзеге асуда

0
1 126

Әлеуметтік мәселелерінің дені оң шешімін тапқан Түлкібас ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жол құрылысы қарқынды жүзеге асуда

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында автомобиль жолдарының ұзындығы 827,9 шақырымды құраса, биыл оның 62,3 шақырымы күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік мәселелерінің дені оң шешімін тапқан Түлкібас ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда.

Қазіргі таңда Түлкібас ауданы аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 827,9 шақырымды құрайды.

Бүгінде оның 59 шақырымы Республикалық маңызы бар жол, облыстық маңызы бар 242,9 шақырым, ал аудандық маңызы бар жолдар 96,6 шақырымды болса, елді-мекен көшелері 429,4 шақырымды құрап отыр.

2019 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде: 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 20 шақырымы жөндеуден өтіп, бүгінде пайдалануға берілген.

Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, пайдалануға берілмек. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді-мекен көшелері 85,1%-ға артпақ.