ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданындағы көшелердің жағдайы 84 пайызға жақсарады

0
565

Көп жылдан бері шешімін таппай келген жол толық жөндеуден өтпек.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданындағы көшелердің жағдайы 84 пайызға жақсарады

Биыл Түлкібас ауданында ішкі көшелердің қанағатты жағдайы 84 пайызға жақсарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен жылы Түлкібас ауданы аумағындағы елді мекендерде атқарылған жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ішкі көшелердің қанағатты жағдайы 68 пайызға жеткен болатын. Биыл аудан аумағында тұрғындар өтініштеріне сәйкес бірінші кезекте халық көп шоғырланған 34,6 шақырымды құрайтын 22 көше мен Жанкент және Жайлау(Телевышка) мөлтек ауданының асфальт жабындысы түспеген көшелер толығымен ағымдағы жөндеуден өтуде. Аталған көшелердің бүгінгі таңға 17-сі жөндеуден өтіп халық игілігіне пайдалануға берілді. Ал, қалған көшелер ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жұмыстар толық аяқталғанан соң елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағатты жағдайы 84 пайызға жетпек.


Сондай-ақ, көп жылдан бері шешімін таппай келген аудан орталығындағы 6,1 шақырымды құрайтын Алатау көшесі де биыл толық жөндеуден өтпек. Қазіргі таңда конкурс нәтижесімен анықталған мердігер аталған көшені жөндеу жұмыстарын 6-шы қыркүйектен бастамақ.