ТҮРКІСТАН: Түлкібасқа Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің арнайы топ мүшелері келді

0
1 356

Жұмысшы топ мүшелері ауданның бірқатар мекемелерін аралады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібасқа Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің арнайы топ мүшелері келді

«Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің арнайы топ өкілдері Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмысшы топ құрамында: жеткешісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ювеналды полиция және әйелдер зорлық-зомбылығын қорғау басқарамасының аға инспекторы Куттыбаев Рустем Сергеевич, топ мүшелері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бас эксперті Нарботаев Мықтыбек Ерланұлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығының маманы Байкубеков Шыңғыс Болатұлы және Түркістан облыстық полиция департаментінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Калабаева Жанар Балтабайқызы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі Айнабеков Ғабит Амангелдіұлы.

Бірінші кезекте ауданға жұмыс сапары барысында жұмысшы топ аудандық психологиялық-педогогикалық түзету кабинетінің жұмысын саралады. Мекеме мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі таңда аталмыш мекеме 123 балаға қызмет көрсетуде.

Бұдан соң жұмысшы топ Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің жатақханасына табан тіреп, білім алушы жастарға жасалынған жағдай барысын тексерді. Бүгінгі таңда білім ордасында 727 студент білім алуда. Соның ішінде жатақхана қызметін 86 білімгер пайдалануда.

Келесі кезекте жұмысшы топ облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш мекеме бүгінгі таңда 37 балаға қызмет көрсетуде.

Жұмысшы топ сонымен қатар аудандық емханаға ат басын бұрып, мекеменің халыққа қызмет көрсету барысымен танысты.
Бүгінгі таңда емхана аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрін іске асыруда. Жұмысшы топ мүшелері емханада тұрғындардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және Түркістан адалдық алаңымен танысып, атқарылып жатқан шараларға оң бағасын берді. Сондай-ақ, топ мүшелері әлеуметтік қызметкерлердің балалармен жұмыс істеу барысын саралады.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында жұмысшы топ аудан орталығындағы «Таңшолпан» бөбекжайына табан тіреп, балаларға қызмет көрсету сапасымен танысты. 280 балаға шақталған бөбекжайда қазіргі таңда 212 бала тәлім-тәрбие алуда.

Содан соң жұмысшы топ мүшелері Балықты ауылындағы Рыбалко жалпы орта мектебі және Састөбе кентіндегі Макаренко мектеп-интернатының жұмысымен танысып, әлеуметтік және психолог мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында топ мүшелері әр маманның ұсыныс-пікірлерін тыңдап, құжаттарды жүргізу барысымен танысты.