ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2 мың орындық мешіт салынып жатыр

0
905

Ағайынды демеушілер 300 млн. теңге қаржы бөлген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2 мың орындық мешіт салынып жатыр

Түлкібас ауданындағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы Азаттық елдімекенінде ағайынды Әбдухалық пен Әбдіразақ Сайдовтардың демеушілігімен 300 млн. теңге қаржыға тендесі жоқ мешіттің құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған.


Аудан әкімі Нұрлан Байғұт ерекше сәулеттегі мешітке арнайы барып, құрылысымен танысты. Игі бастамаға мұрындық болған Сайдовтар отбасына аудан тұрғындары және өз атынан алғысын білдірді.


Жаңа мешітте 2 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. 1 гектер жерді құрайтың мешіт аумағы толығымен абаттандырылып, жасыл желек отырғызылатын болады.