ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2000 жамағатқа шақталған мешіт ашылды

0
949

Мешіт аумағы толығымен абаттандырылып, жасыл желек отырғызылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2000 жамағатқа шақталған мешіт ашылды

Түлкібас ауданында ағайынды Сайдовтардың демеушілігімен жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекенінде ағайынды Әбдухалық пен Әбдіразақ Сайдовтардың демеушілігімен Хазреті-Усман жами мешітінің ескі ғимаратының орнына 300 млн. теңге қаржыға жаңа мешіт соғылып, пайдалануға берілді. Мешіттің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, басқарманың шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай қажы Құрбанұлы, Қазақстан Республикасының мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Қарақұлов Еркебұлан қажы және ауданымыздың бас имамы мен зиялы қауым өкілдері қатысып, аудан тұрғындарын жаңа ілім орнымен құттықтады. Игі бастамаға мұрындық болған Сайдовтар отбасына алғыстарын білдірді.


Сондай-ақ, ауданның бас ақыны Әбдібек Аралбайұлы қалың жұртшылыққа өз арнауын жеткізді.


Айта кетейік, жаңа ғибрат орынында 2 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. 1 гектер жерді құрайтын мешіт аумағы толығымен абаттандырылып, жасыл желек отырғызылатын болады.