ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 49 көше жөндеуден өткізілді

0
285

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 49 көше жөндеуден өткізілді

Түлкібас ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 49 көше жөндеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен жылы Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе және Азаттық елді мекені тұрғындары үшін қуанышқа толы болды. Себебі, соңғы жылдары көкейтесті мәселеге айналған ішкі жолдардың қанағатсыз жағдайы шешімін тапты.


«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қос елді мекеннің 32,1 шақырымды құрайтын 49 көшесі орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның 21 көшесі Майтөбе ауылына, ал 28 көшесі Азаттық елді мекеніне тиесілі.


Биыл бұл жұмыстар тоқтап қалмай, аталған бағдарлама аясында Жабағылы ауылдық округіне қарасты Қорықты, Батылдық, Жартыбаев, Талдыбұлақ, Желтоқсан, Молдағұлова көшелері, Арыс ауылдық округіне қарасты Еркінбек, Мырзатай, Тұрманұлы, Тәуелсіздік, Мұратбаев, Байбосынұлы көшесі, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Ақментай баба, Кенжетаев, К.Лес, Балтабаев көшесі, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Қараағашты елді мекенінің Әл-Фараби көшесі және Ақбиік ауылдық округіне қарасты Бірлік көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.