ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 600-ден астам адам сенбілікке шықты

0
548

Ағаштарды реттеп, түптерін ақтап, күл-қоқыстан тазартты.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 600-ден астам адам сенбілікке шықты

Түлкібас ауданында сенбілікке 600-ден астам адам атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы амағындағы көктемгі сенбілік жұмыстары қарқынды. Аудан әкімдігінің мамандары бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойына сенбілікке шығып, Шақпақ елді мекені мен Машат асуына дейінгі аумақтағы ағаштарды реттеп, түптерін ақтап, күл-қоқыстан тазартты.


Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен округтерден 600-ге жуық маман атсалысты. Сонымен қатар, аудан аумағындағы басқа да мекемелер өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке өз үлестерін қосты. Шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.