ТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Аналар саябағы» салынып жатыр

0
839

Онда балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынатын болады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Аналар саябағы» салынып жатыр

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде аналарға сый-құрмет пен айрықша ықыластың белгісі ретінде «Аналар саябағы» салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың тамыз айында бастау алған саябақты абаттандыру жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Аталған аймақтан саябақтың ашылуы кент тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағалы отыр. Себебі, айналасы толығымен аббаттандырылған саябақ аумағында балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынатын болады.

Халық игілігі үшін бой көтеріп жатқан бұл нысан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді орындаудың бір көрінісі.