ТҮРКІСТАН: Түлкібаста балаларды дамыту орталығы ашылды

0
666

Орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста балаларды дамыту орталығы ашылды

Түлкібас ауданында балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түлкібас ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады. Айта кетейік, аталған нысан «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба.


Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, және нысанның ашылуына мұрындық болған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ сатып алу жөніндегі бас директоры М.Мағжанов, «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің басшысы міндетін атқарушы А.Кемпірбаев, облыс мәслихатының депутаты И.Намазбаева қатысып, тұрғындарды орталықтың ашылуымен құттықтады.


"Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, олардың ата-аналарына моральдық тұрғыда демеушілік жасау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз үшін балалардың бәрі бірдей. Олар – біздің болашағымыз. Сондықтан, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, мұқтажын өтеп отыру назарымыздан ешқашанда тыс қалмайды", - деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы


«Ақмейір» дамыту орталығы 150 балаға арналған. Сонымен қатар, орталықта ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балдарына басымдық беріледі.