ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0
1 839

Жәрмеңкеге 200-ге жуық азамат келіп, әр түрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Түлкібаста бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 46 жұмыс беруші мекемеден 140 бос жұмыс орыны ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішінде білім саласы мен аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға қатысты сұраныс көп. Атап айтқанда, қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімдеріне ваканциялар бар.


Жәрмеңкеге 200-ге жуық азамат келіп, әр түрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Жұмыс беруші мекемелердің басшылары мен өкілдері келген тұрғындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіріп, Мансап орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарға мемлекеттен қарастырылған қолдау түрлері туралы ақпарат берді.