ТҮРКІСТАН: Түлкібаста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық жеткілікті

0
767

Ауруханада 200 орын бар.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық жеткілікті

Түлкібас аудандық ауруханасында қажетті препараттар жеткілікті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданының орталық ауруханасы елімізді әбігерге салып жатқан пневмониямен күресуге қажетті құрал-жабдықтар және төсек орындармен толық қамтылған. Атап айтар болсақ 7 жасанды тыныс алу құрылғысы және 41 оттегі нүктесі науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Жалпы аталған ауруханада 200 төсек орын бар. Оның ішінде 50 провизорлық, ал қалған 150-і пульмонологиялық төсек орын.

Соныман қатар, қажетті дәрі-дәрмекпен де толық қамтылған.

Қазіргі таңда ауруханада пневмония дертіне шалдыққан 118 науқас ем қабылдауда. Соңғы тәулікте 17 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлеміндегі біршама аумақтарда ауру жұқтырғандардың саны азайып, жағдай тұрақталып келеді. Оған қоса Өзбекстан мен Алматыдан көптеген дәрі-дәрмек түрлері сатып алынып, аудан, қалалардағы дәріханаларға таратылып жатыр. Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топтар дәрі бағасы мен тұрақтылығын қатаң бақылауға алған.