ТҮРКІСТАН: Түлкібаста есірткі өсірген азамат құрықталды

0
1 289

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста есірткі өсірген азамат құрықталды

Түркістан облысының полицейлері үйінде есірткі егіп, сақтаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрсұлтан Бексейітов өзінің аймағындағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында есірткі затына ұқсас зат өсіріліп жатқанына күмәнданатынын айтып, тексеру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Бексейітовтың көрсеткен мекен-жайына тез арада жеткен тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғын-үй ауласын тексеру барысында, бау-бақшада «сора» есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдік заты мен қораның ішінде 2-дана полиэтилен пакетке салынған «марихуанна» есірткі затына ұқсас айғақты заттар тауып, тәркілеп алған.

Есірткі құқралдары, психотроптық заттарды және прекурсорларды сот сараптаманың қорытындысы бойынша зерттеуге ұсынылған 3 дана өсімдік «сора» болып табылды. Ал пакеттерге оралған есірткі құралы – кептірілген марихуанна екені анықталып, салмағы шамамен 650 грамды құрады. Күдіктінің қан құрамын тексеру барысында қанынан марихуанна табылып, есірткі затын өзі қолданатыны анықталған.

Аталған оқиға дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабымен СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.