ТҮРКІСТАН: Түлкібаста кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыс саны артқан

0
949

Аудан бойынша 2019 жылдың 10 айында жалпы қылмыс 19,7% -ға төмендеген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыс саны артқан

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының есебі тыңдалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін аудан әкімшілігінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының жай-күйі туралы жиналыс өтті.

Жиынның мақсаты кәмелетке толмағандарға байланысты қылмысты талдау, осы бағытта құзыретті органдардың атқарған жұмысын қорыту және алдағы уақытта осы бағытта қойылатын қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді белгілеу болды. Жиналысқа Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е. Күзембаев, Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары Т. Монтаев, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары М. Абилханұлы, аудан прокуратурасы мен ПБ қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Қадырбек, мектеп директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

2019 жылдың 10 айында жалпы қылмыс 19,7% -ға төмендеген. Оның ішінде кәмелетке толғандармен жасалан қылмыс саны 7-ден 5-ке төмендесе, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 7-ден 11-ге артып отыр. Көрсетілген жағдай бұл бағытта құзырлы органдардың жұмысын күшейтуді, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың профилактикасын күшейтуді талап етеді. Осындай және басқа да мәселелер туралы Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары Т. Монтаев баяндама жасады. Келесі кезекте осы бағытта атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары М. Абилханұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Қадырбек баяндады.

Жиын соңы баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жоғарыда аталып өтілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, талқылау және пікір алмасумен жалғасты.